Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқушы сабақ үстінде көз жұмды

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 10 жасар қыз сабақ үстінде естен танып, артынша жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады.

Ведомство мәліметінше, 23 сәуірде Қарасай ауданы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы қайтыс болды.

"Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандарының тырысқанына қарамастан, мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Қайғылы оқиғаны құқық қорғау органдары тергеп жатыр. Өңірдің полиция департаменті кейінірек пікір білдіруге уәде берді. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде спорт мектебінің сегізінші сынып оқушысын өзінен бір-екі жас үлкен ұлдар ұрып өлтірген. Мұны куәгерлер де, сараптама да растады. Қазір күдікке ілінген балалар қамауда отыр. Ұлынан айырылған ата-ана жауыздыққа барған жасөспірімдерді де, алғашында қылмысты барынша жасырған білім ошағының басшыларын да қатаң жазалауды сұрады. 

Талқылау